Алакөлде катер қағып кеткен әйел көз жұмды: министрлік қатаң ескерту жасады
Опубликовано:
Абай облысындағы Алакөлде катер қаққан 63 жастағы әйел адамның қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды kazinform.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, катер тізгінінде болған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қажетті сот-медициналық және техникалық сараптамалар тағайындалды.
"Су көлігін басқару және пайдалану ережелері бұзылуының адам өліміне әкеп соғуы фактісі бойынша Қылмыстық Кодексінің тиісті бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында уәкілетті органдардың қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады",-делінген ақпаратта.
Сонымен бірге аталған жайттан соң Туризм және спорт министрлігі Көлік министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға ресми хат жолдап, су айдындарында демалушылардың қауіпсіздігін бақылауды күшейту жөнінде қатаң ұсыныс білдірген.
"Туризм және спорт министрлігі Алакөл көлінде болған қайғылы оқиғаға байланысты көз жұмған азаматтың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады. Біз отбасы мүшелерінің қайғысына ортақтаса отырып, бұл қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты және әділ тергеуге, сондай-ақ кінәлілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартуға сенім артамыз" - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2269065-alakolde-kater-qagyp-ketken-aiel-koz-zhumdy-ministrlik-qatang-eskertu-zhasady/