jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Ерте іске қосып жіберген": Алматыдағы аттракциондардың бірінде кішкентай қыз ауыр жарақаттар алды

    Аттракцион. Көрнекі фото
    Аттракцион. Көрнекі фото: Pixabay.com

    Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде кішкентай қызы аттракциондардың бірінде ауыр жарақаттар алғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл жайтқа қарамастан, ешкім жауапкершілікке тартыла қоймаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мадина Аскенова есімді Facebook қолданушысы желідегі парақшасында кәмелетке толмаған қызының басынан өткен жайтты баяндады. Әйелдің айтуынща, Алматыдағы аттракциондардың бірінде қызы ауыр жарақаттар алған. Салдарынан оған бірнеше ота жасалған, дейді ол.

    Оның баяндауынша, оқиға 5 маусымда болған, бірақ баласының емі мен күтімі деп жүріп, ол енді ғана бұл жайтты сөз етіп отырған көрінеді.

    "Алматы парктерінің бірінде "Вальс" аттракционында менің кәмелетке толмаған қызы бас-мидың жабық жарақатын алған. Салдарынан оған екі мәрте ота жасалып, ұзақ уақыт оңалтудан өтіп жатыр. Қатты ауырсынып, тыртықтардан қиналып жүр, психологиялық тұрғыда зардап шекті. Бұл парк әкімшілігінің кесірінен болып отыр. Дұрыс жұмыс істемейтін аттракционды пайдаланған. Менде барлық бейне дәлел бар, олар қауіпсіздік техникасы сақталмайтынын және қызметкерлердің салғырттығына дәлел бола алады", - деп мәлімдеді әйел.

    Оның сөзінше, парк әлі жұмыс істеп тұр, ал аттракцион жұмысы тоқтамаған және тексерілмеген.

    "Жауапты тұлғалар жазаға тартылған жоқ. Басқа балаларға да қауіп бар. Кәсіпкерлердің мүддесі балалардың өмірі мен денсаулығынан артық болды ма деген ой қалады. Билік әрекет етпей отыр және кінәлілерді жасырып отыр. Мен ана ретінде мұндай әділетсіздікке бас шұлғығым келмейді", - деді қыздың анасы.

    Бұл жайттан сенатор Жанна Асанова да хабардар болып шықты.

    "Анасының сөзінше, баланы карусельге отырғызған кезде механизмді уақытын ерте іске қосқан және ол қатты жылдамдықпен қызды соғып кеткен. Бұдан ол жабық бас-ми жарақатын алған, ол асқынып, хирургиялық ота жасалған. Қазір ұзақ реабилитациядан өтіп жатыр.

    Парк әкімшілігінен көмек берілмеген, құқық қорғау органдары тарабы да тиісті әрекет етпеген. Оған қоса инсайдер ақпаратына сай, мұндай жағдайлар дәл осы аттракционда болған, бірақ басшылық еш шара қолданбаған. Бұл жылдар бойы бақыланбай келе жатқан қауіп барын көрсетеді", - деді сенатор.

    Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне берген жауабына сай, қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалған.

    "Аталған дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 306-бабы 2-бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша кешенді тергеу шараларының нәтижесіне сай процессуалдық шешім қабылданбақ", - делінген хабарламада.

    "Ерте іске қосып жіберген": Алматыдағы аттракциондардың бірінде кішкентай қыз ауыр жарақаттар алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.