jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақтөбе облысында "Магаджан" су бөгетінің бұзылуына әкімдік қызметкері кінәлі деп танылды

    су тасқыны
    Бөгет бұзылуы салдарынан суда қалған елді мекен. Видеодан кадр: ҚМА баспасөз қызметі

    Ақтөбе облысындағы "Магаджан" су бөгетінің қирауына жергілікті атқарушы орган қызметкерінің өз қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауы себеп болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомстводағылар Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы "Магаджан" су бөгетінің қирауына әкелген немқұрайлылық фактісі бойынша тергеу аяқталғанын мәлімдеді.

    "Бөгеттің бұзылуына жергілікті атқарушы орган қызметкерінің өз қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауы себеп болды. Аталған әкімдік қызметкері гидротехникалық құрылыстың техникалық жағдайын бақыламаған, тексеріс жүргізбеген және апаттың алдын алуға қажетті шараларды қабылдамаған.

    Салдарынан Алға ауданының елді мекендері мен Ілек және Қарғалы өзендерінің маңындағы бау-бақша ұжымдары су астында қалды. 215 адам, оның ішінде 96 бала қауіпсіз жерге жеткізілді.

    Келтірілген шығын 211 млн теңгеден асты", - делінген хабарламада.

    Сот кінәлі тұлғаға 1 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Ақтөбе облысында "Магаджан" су бөгетінің бұзылуына әкімдік қызметкері кінәлі деп танылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.