jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Өлтіремін деп қорқытқан": БҚО-да әлеуметтік желіде билік өкілін қорлап, балағаттаған тұрғын сотталды

    шенеунік
    Шенеунік. Иллюстрациялық фото: NanoStockk / Getty Images

    Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік желіде лауазымды тұлғаны қорқытып, балағаттаған желі қолданушысы 1 жыл 6 айға сотталды, деп хабарлайды kazinform.kz.

    Шыңғырлау аудандық сотында ҚР ҚК 378-бабы 2-бөлігі және 380-бабы 2-бөлігі 4-тармағына сәйкес айыпталған К. есімді тұрғынға қатысты үкім шықты.

    БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған азаматтың 1 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді.

    Іс материалдарынан белгілі болғанындай, К. биылғы 15 сәуірде бүркеншік атпен Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында пост жариялап, лауазымды қызметкерді өлтіремін, денсаулығына зиян келтіремін деп қорқытып, қорлаған. Пост билік өкілінің өзінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты жазылған.

    Сот психологиялық-филологиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес сотталушының мәлімдемелері жәбірленушінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қатысты қорлау болып есептеледі. Сотталушының мәлімдемесінде орыс тіліндегі балағат сөздер және жәбірленушіге қауіп төндіретін белгілер бар.

    "Сот отырысында сотталушы кінәсін мойындап, істеген іс-әрекетіне өкінетінін айтты. Сот үкім шығарған кезде оның кәмелетке толмаған балалары бар екенін, жауаптылықты ауырлататын мән-жайдың жоқтығын ескерді. 1 жыл 6 айға бас бостандығы шектелген тұрғын пробациялық бақылауда болып, осы мерзімде жыл сайын 100 сағат көлемінде қоғамдық жұмыстарға тартылады. Сонымен қатар жәбірленушілерге өтемақы қорына 58 980 теңге (15 АЕК) мөлшерінде мәжбүрлі төлем өндірілді. Үкім заңды күшіне енді", - деп хабарлады ведомстводан.

    "Өлтіремін деп қорқытқан": БҚО-да әлеуметтік желіде билік өкілін қорлап, балағаттаған тұрғын сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.