jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда жол ережесін өрескел бұзған бір топ жүргізуші жауапқа тартылды (видео)

    Алматы көшесі
    Жол ережесін бұзған жүргізушілер. Видеодан кадр: instagram.com/almaty_police_department

    Алматыда түнгі уақытта жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактісі бойынша бірнеше көлік жүргізушісі анықталып, жазаға тартылды. Желіде олардың қауіпті маневр жасап, жол жүру ережесін елемеген сәті түсірілген видео тараған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру нәтижесінде жүргізушілердің әрекеті жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіргені белгілі болды.

    Анықталған құқықбұзушылықтар қатарында бұрылыс белгісін жақпай, жолақ ауыстыру, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, өзге жүргізушілерді сыйламау, қарапайым әдеп нормаларын елемеу және қауіпсіздік шараларын қасақана бұзу бар.

    Осы жайтқа қатысы бар барлық жүргізуші және жолаушылар анықталып, полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды. Бұзушыларға қатысты құқықтық іс-шаралар жүргізіліп, әрқайсысына іс жағдайына сәйкес нақты әкімшілік құқықбұзушылықтар тағылды.

    "Біздің әрекеттеріміздің басты мақсаты – ескерту. Алайда ескерту шаралары нәтиже бермеген жағдайда әкімшілік ықпал етудің барлық тетігі қолданылады. Жолдағы дөрекі мінез-құлыққа ешқандай ақтау жоқ. Алматы көшелерінде көрсетілім үшін жарыс ұйымдастыруды жөн көретіндер өз әрекеттерінің жазасыз қалмайтынын және бәрі жазылып жатқанын түсінуі керек", - деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы Серік Шумаев.

    Алматы полициясы барлық жол қозғалысына қатысушыға жол ережелері – жай формалдылық емес, әр адамның өмірі мен денсаулығын қорғауға арналғанын еске салады.

    Алматыда жол ережесін өрескел бұзған бір топ жүргізуші жауапқа тартылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.