jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақтөбе облысында 77 жүк көлігін заңсыз бастапқы тіркеуден өткізді деген топ қамауға алынды

    Жүк көлігі
    Жүк көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ақтөбе облысында жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысты деген топтың әрекеті әшкере болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Агенттіктің мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары жалған сатып алу-сату шарттарын, көлік құралдарын тексеру туралы жалған актілерді қолданып, "Автоіздеу" ақпараттық жүйесіне шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер енгізу арқылы 77 жүк көлігін бастапқы тіркеуден өткізген.

    "Аталған заңсыз әрекет Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында салық заңнамасында белгіленген рәсімдерді әдейі айналып өту үшін жүргізілген. Бастапқы тіркеу алымдарын төлемеу салдарынан мемлекетке келген жалпы залал 740 млн теңгеден асты", - делінген хабарламада.

    Сот шешімімен ұйымдастырушылар қамауға алынды.

    Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбады.

    Ақтөбе облысында 77 жүк көлігін заңсыз бастапқы тіркеуден өткізді деген топ қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.