jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Шымкенттегі перзентханада дәрігерді ұрған зейнеткер жазаланды

    перзентхана
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Шымкент перинаталды орталығындағы босану залында зейнеткер медициналық ұжым мен науқастардың көзінше акушер-гинекологқа бейәдеп сөздер айтып, ұрған. Ол бұл әрекеті үшін жазаланды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

    Өңірлік басылымның деректеріне сай, оқиға Шымкент перинаталды орталығында болған. Зейнеткер босану залдарының бірінде акушер-гинекологты ұрып, балағаттаған.

    Сот оның бұл әрекетін шағын бұзақылық деп таныды.

    "13 шілдеде таңертең перинаталды орталықтың екінші қабатында зейнеткер дәрігерге қорлайтын сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. ҚР әкімшілік заңбұзушылық туралы кодексінің 434 бабы, 1 бөлігі бойынша шағын бұзақылық - бұл бейәдеп сөз айту, қоғамдық трәтіпті бұзу және басқа тұлғаларға құрметсіздік таныту, Бұл үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған", - делінген Жоғарғы сот материалдарында.

    Әйелдің әрекеті іс материалдарымен дәлелденген. Жауап беруші әйел кінәсін мойындап, кешірім сұрады.

    Сот материалдарына сай, зейнеткер 55 048 теңге көлемінде айыппұл арқалаған.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Шымкенттегі перзентханада дәрігерді ұрған зейнеткер жазаланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.