jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Алматы облысында жүгері алқабында жасырын есірткі өсірген азамат ұсталды

    Күдіктіні ұстау сәті
    Күдіктіні ұстау сәті. Видеодан кадр: Polisia.kz

    Алматы облысының полицейлері заңсыз кәсіппен айналысқан ер адамды ұстады. Күдікті жүгері алқабының арасына жасырын есірткі өсірген, деп хабарлайды ІІМ-нің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚК департаментімен бірлесіп Еңбекшіқазақ ауданында арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде 36 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

    Тексеру барысында жалпы аумағы 4,5 гектарды құрайтын шаруа қожалығының жерінен жасырын плантация анықталды. Полицияның мәліметінше, эүгері алқабының арасында 233 түп қарасора егілген. Оған қоса арнайы жасырылған жерден марихуана тұқымдары салынған 58 пробирка тәркіленді.

    "Тәркіленген өсімдіктер сот-химиялық сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысына сәйкес, олардың жалпы салмағы 49 келіден асты. Қазіргі таңда күдікті Шелек қаласының полиция бөліміне жеткізіліп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды", – деді полиция өкілдері.

    Алматы облысында жүгері алқабында жасырын есірткі өсірген азамат ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.