jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Екі қызы анасыз қалды": Атырау тұрғыны әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды

    қолы кісендеулі ер адам
    Күдіктіні ұстау. Иллюстрациялық адам: Kirk Marsh/Getty Images

    Желіде Атырау тұрғыны 39 жастағы әйелін өлтіріп, кішкентай екі қызы анасыз қалғаны туралы ақпарат тарады. Облыстық полиция департаменті бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ақжайық.

    Оқиға туралы Threads қолданушысы mair_saduakhas жазған. Ол қаза тапқан әйелдің өзінің бөлесі екенін айтып, адамдардан бей-жай қалмауды өтінді.

    Желі қолданушысы басылым тілшісіне берген мәлімет бойынша, кісі қолынан көз жұмған әйел күйеуімен 14 жыл отасқан. Үлкен қызы күзде 6-сыныпқа, ал кіші қызы 2-сыныпқа барады.

    "Олар үшін бүкіл әлем анасы еді. Бірақ соңғы бес жылда оның өмірі тозаққа айналды. Күйеуі жиі ішіп, үнемі әйелін соққыға жығатын. Ол балалары үшін шыдап, тіс жармайтын, шағымданбады. Соңғы үш жыл әйел жұмыс істемей, отбасына, қыздарына арнады. Бүгін таңертең өмірден өтті. Қорған болуға тиіс күйеуі оның өмірін қиды. Екі қыз анасыз қалды. Оларды қазір интернатқа алып кетті", - дейді Майра Садуақасова әпкесін еске алып.

    Ол қайғылы оқиға туралы полиция хабарламасынан білген.

    Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері оқиғаға қатысты басылым тілшісіне түсінік берді.

    "Осы дерекке қатысты "Адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Кешенді тергеу шаралары басталды", - делінген полиция хабарламасында.

    "Екі қызы анасыз қалды": Атырау тұрғыны әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.