jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жетісуда кәсіпкер заңсыз жолмен субсидия алып, оны құмар ойынға жұмсады деген күдікке ілінді

    кісен және ақша
    Кісен және ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Жетісулық кәсіпкер мемлекеттен заңсыз субсидия алып, оны құмар ойынға жұмсады деген күдікпен тергеліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның Жетісу облысы бойынша департаменті субсидия жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын мәлім етті.

    Тергеу нұсқасы бойынша компания басшысы екі жыл бойы жалған құжаттарды пайдаланып, мемлекет тарапынан сүт өнімдерін қайта өңдеуге бөлінген субсидияларды заңсыз түрде "Ауыл шаруашылығы басқармасынан" ММ алып отырған.

    "Келтірілген жалпы залал 300 млн теңгеден асты. Шығындарды растау үшін басқармаға жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алу жөніндегі өзара есеп айырысулар туралы жалған құжаттар мен май өндіру бойынша жалған мәліметтер ұсынылған.

    Сонымен қатар заңсыз алынған 110 млн теңге мөлшеріндегі субсидияны күдікті құмар ойындарға жұмсаған", - делінген хабарламада.

    Сот санкциясымен құны 300 млн астам теңге болатын зауытқа тыйым салынды.

    Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үй қамаққа алу түрі қолданылды.

    Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

    Жетісуда кәсіпкер заңсыз жолмен субсидия алып, оны құмар ойынға жұмсады деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.