jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Хасан Қасымбаев соты: прокурордың бірі істен шеттетілді

    Хасан Қасымбаев
    Хасан Қасымбаев. Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_talgar

    Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаев пен өзге де күдіктілерге қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сот барысында айыпталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыруды сұрады, деп хабарлайды Kazinform.

    Бір сағаттық үзілістен соң судья Айнагүл Тұқыбаева адвокаттардың өтінішін қанағаттандырып, мемлекеттік айыптаушы залдан шықты. Сот отырысына екінші прокурор Ерлан Құланбаев қатысып жатыр, сот жалғасын табуда.

    Еске салсақ, 4 қарашада желіде "Талғардағы ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі" делінген Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа Алматы облысы полиция департаменті өкілдері пікір білдіріп, 2024 жылғы 2 қарашада азамат К. 2021 жылдың маусым айында азамат А.-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және адам ұрлады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

    Артынша Алматы облысының полиция департаменті өкілдері "талғарлық ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі" делінген ер адамның ұсталуына қатысты тың мәліметтер жариялады.

    Кейін "Талғарлық ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі" деп танылған Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Ведомство өкілдері қазір жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

    Алматы облысы полиция департаменті Хасан Қасымбаевқа қатысты іс жөнінде мәлімдеме жасады. Полиция өкілдері бұған дейін БАҚ-та шындыққа жанаспайтын ақпарат таралғанын мәлімдеді.

    Сондай-ақ Алматы облысы полиция департаменті өкілдері Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді. Облыстық полиция департаменті хабарламасында ұсталған адам марқұм Шерзаттың өлімі үшін емес, 2021 жылғы адам ұрлау дерегіне байланысты тұтқындалғаны айтылған.

    2025 жылғы 20 тамызда Алматы облысы Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды.

    Хасан Қасымбаев соты: прокурордың бірі істен шеттетілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.