jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Елордада "табысты кәсіпкер" төрт адамды 270 млн теңге қарызға батырып кетті

    Қалтасына ақша салып тұрған адам
    Қалтасына ақша салып тұрған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Өзін ауқатты кәсіпкер ретінде көрсетіп, төрт адамды іскерлік ынтымақтастық мақсатында автонесие алуға көндірген елорда тұрғыны сотталды. Ол несиеге алынған көліктерді Ресейге сатып, пайда тапқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана қаласы прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.

    Прокуратура мәліметінше, ол несиені өзі төлейтінін айтып, көліктерді бизнесте пайдалануға уәде берген, бірақ көп ұзамай көліктерді Ресей Федерациясына тасымалдап, сатып, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

    Ал жәбірленушілер банк алдында қарыздар болып қалды. Келтірілген шығын көлемі 270 млн теңгеден асты.

    Сот елорда тұрғынын кінәлі деп тауып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Елорда прокуратурасы бөтеннің мүлкін ұрлау, алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкіне құқық алған адам заң бойынша мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын еске салды.

    Елордада "табысты кәсіпкер" төрт адамды 270 млн теңге қарызға батырып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.