jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астанада танымал блогер 15 тәулікке қамауға алынды

    қамауға алынған блогер
    Қамуға алынған блогер. Видеодан кадр: instagram.com/МВД РК

    Астанада даулы видео жариялаған танымал блогер 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды ІІМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ІІМ-ның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәлімет бойынша, блогер әрі көңіл көтеру орнының арт-директоры жұрттың назарын аудару үшін әдепсіз бейнелер жариялаған.

    "Видеода мекеме қонақтарына тиіскен сәттері, бейәдеп қылықтар мен балағат сөздер бар. Бұл жазбалар қала тұрғындарының ашу-ызасын тудырды", - делінген хабарламада.

    33 жастағы азамат қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін 15 тәулікке қамауға алынған.

    Осы орайда полиция қаралым мен "лайк" үшін заң бұзуға жол берілмейтінін еске салды.

    "Блог жүргізетін азаматтар арандатушы немесе қорлайтын материал жариялау жауапкершілікке әкелетінін ұмытпауы тиіс. Интернет те заң мен моральдан тыс емес", - делінген хабарламада.

    Астанада танымал блогер 15 тәулікке қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.