jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Түркістан тұрғыны жүкті әйелін фельдшерден қызғанып, оны соққыға жыққан

    Жедел жәрдем
    Жедел жәрдем. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Түркістанда медициналық көмек көрсетуге барған фельдшер соққыға жығылды. Түсік тастау қаупімен шақыртқан келіншекті көруге барған медицина қызметкерін пациенттің күйеуі ұрып тастаған, деп хабарлайды КТК арнасы.

    Оқиға жедел жәрдем шақыртқан ерлі-зайыптының пәтерінде болған. 26 жастағы фельдшер түсік тастау мен соқыр ішектен күдіктеніп, аяғы ауыр келіншектің ішін ұстап тексерген. Алайда оның әрекеті науқастың күйеуіне ұнамай қалған. Ер адам ашуға бой алдырып, медицина қызметкерін соғып тастаған.

    "Алдымен бетінен жұдырықпен ұрды, оң жақ бетінен ұрды. Ұрған кезде басы қабырғаға соғылып, отырып қалды. Аяғымен бар күшімен бетінен тепті. Мең-зең болды. Кейін аяғымен үшінші рет тепті. Сол кезде иығына тиді. Иығына тигеннен кейін, анасы артынан құшақтап ажыратып алды", - деді жедел жәрдем станциясының практиканты Жанель Қуанышбек.

    Ауыр соққы алған жедел жәрдем қызметкері миы шайқалып, қазір ауруханада жатыр.

    "Тиісті диагностика зерттеуі жүргізіліп, жабық бас жарақаты, миының шайқалуы, көзінің жұмсақ тіндері зақымданған, гематома диагнозымен травматология бөлімшесіне жатқызылды. Қазір науқастың денсаулығы орташа ауыр. Тиісті мамандардың кеңесі тағайындалды", - деп хабарлады аурухана өкілдері.

    Жедел жәрдем станциясының ақпаратынша, қос тарап келісімге келіп, жәбірленуші өзін соққыға жыққан азаматқа кешірімін берген. Фельдшер полицияға арыз жазбаған. Алайда медициналық мекеме еңбек инспекциясына арыз берген.

    Дереккөз: КТК.

    Түркістан тұрғыны жүкті әйелін фельдшерден қызғанып, оны соққыға жыққан

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.