jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қостанайда аурухананың бас дәрігері мен Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы ұсталды

    Портфель ұстап келе жатқан ер адам
    Портфель ұстап келе жатқан ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қостанай облысында Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы, аудандық аурухананың бас дәрігері және коммерциялық кәсіпорынның директоры ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, олар медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке ілінген.

    Күдіктілер 25 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қылмыстық-құқықтық саясат жөніндегі қызметі мен Қостанай облысы прокуратурасының бірлескен жедел-тергеу тобы жүргізген жедел іс-шаралар мен прокурорлық тексерудің нәтижесінде ұсталды.

    26 тамызда мамандандырылған тергеу соты аталған адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

    "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы ("Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану") бойынша басталды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

    Тергеудің мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

    Қостанайда аурухананың бас дәрігері мен Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.