jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Қожағапанов ісі: айыптау тарапы экс-вице-министрге жазаны қатаңдатуды талап етті

    Ерлан Қожағапанов
    Фото: kazfootball.kz

    Елорда сотында бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов пен SUCCESS K агенттігінің бұрынғы бас директоры Ләззат Көккөзованың ісіне қатысты аппеляциялық шағым қаралып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Сотталғандардың қорғау тарапы сот үкімін жоюды ұсынды. Алайда прокурор керісінше жазаны қатаңдатып, олардың жаза өтеу мерзімін ұлғайтуды талап етті.

    Айыптау тарапы үш жылға сотталған Ерлан Қожағапановқа мемлекеттік қызмет өкілеттігін асыра пайдаланғаны және оның мемлекетке келтірген залалын алға тартып бас бостандығынан айыру мерзімін 7 жылға дейін ұлғайтуды сұрады.

    Экс-вице-министр SUCCESS K агенттігінің мүддесін қорғау жөніндегі айыптау негізсіз екенін айтты. Сөзінше, мұндай функция оның өкілеттігіне кірмеген.

    Сондай-ақ Қожағапановтың адвокаттары да айыптау уәжі істің нақты мән-жайына сәйкес келмейтінін айтты.

    Қожағапанов ісі: айыптау тарапы экс-вице-министрге жазаны қатаңдатуды талап етті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.