jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Жамбыл облысында балаларды құлдықта ұстаған": іс прокуратураға жіберілді

    Жұдырық
    Жұдырық. Көрнекі фото: pixabay.com

    Жамбыл облысында балаларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша тергеу аяқталып, іс прокуратураға жіберілді. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    ІІМ-ның ресми Telegram-каналындағы ақпаратқа сәйкес, екі кәмелетке толмаған баланы жүйелі түрде ұрып-соққан деген кұдікке ілінген Талас ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық іс тергеліп бітіп, айыптау актісімен бірге прокурорға жіберілді. Бұл істі сот қарайтын болады.

    "Еске сала кетейік, бұған дейін полиция күдіктіні дереу қолға түсіріп, ол қамауға алынған еді. Жапа шеккен балалар Тараз қаласындағы Балаларды қолдау орталығына орналастырылып, оларға қажетті психологиялық және құқықтық көмек көрсетілді", - делінген ресми хабарламада.

    Аталған қылмыстық істің тергеуі Ішкі істер министрінің тікелей бақылауында болды.

    Айта кетейік, тамыз айының басында Жамбыл облысында құлдықта болған балалар туралы ақпарат тараған болатын. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

    "Жамбыл облысында балаларды құлдықта ұстаған": іс прокуратураға жіберілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.