jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қорғаныс тапсырысы саласына бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталған 11 адамға сот үкімі шықты

    судья балғасы
    Судья балғасы. Көрнекі фото: Jantanee Phoolmas/Getty Images

    Астанада мемлекеттік қорғаныс тапсырысы саласындағы қаражат жымқыру дерегі бойынша резонанстық істі қарау аяқталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Агенттіктің мәліметінше, 2023 жылы "Қазарнаулыэкспорт" РМК-ның лауазымды тұлғалары мен теріс пиғылды жеткізушілер ұсталып, оларға әскери мақсаттағы өнімдерді сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды және сыбайлас жемқорлық деректері бойынша айып тағылған болатын.

    Мемлекетке келтірілген залал 1,6 млрд теңгеден асқан.

    Сот үкімімен "Қазарнаулыэкспорт" РМК-ның бас директоры болған Рамазанов А.К. 11 жылға, кәсіпорынның департамент директоры болған Кудабаев А.Т. 10 жылға, қалған 9 айыпталушы әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

    Сонымен қатар сот мемлекет пайдасына 1,6 млрд теңге көлеміндегі азаматтық талап-арызды қанағаттандырып, жалпы құны 607 млн теңге болатын мүлікті тәркілеген.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Қорғаныс тапсырысы саласына бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталған 11 адамға сот үкімі шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.