jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Жамбыл облысы полиция бастығының орынбасары ұсталды

    Қолына кісен салынған ер адам
    Қолына кісен салынған айыпталушы. Көрнекі фото: freepik.com

    Жамбыл облысында өңірлік полиция департаменті басшысының орынбасары ұсталды. Аталған полиция қызметкері кеше, 29 тамызда қызметінен босатылған болатын, деп ІІМ ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасарын ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаменті ұстаған. Ол заңға қайшы әрекет жасады деген күдікке ілінді. Алайда ІІМ өкілдері нақты қандай заңбұзушылық екенін ашып айтпады.

    "Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - делінген ресми хабарламада.

    Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ПД бастығының орынбасары 29 тамызда қызметінен теріс себептермен босатылған.

    Жамбыл облысы полиция бастығының орынбасары ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.