jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    7 автокөлікке тыйым салынды: ҚМА Жамбыл облысында заңсыз кәсіпкерлікке байланысты тергеу жүргізуде

    үстелдің үстінде жатқан папка
    Папка. Иллюстрациялық фото: polisia.kz

    Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызметке байланысты тергеу жүргізуде. Бұл туралы агенттікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Агенттіктің мәліметінше, "БМ" ЖШС мен онымен байланысы бар өзге де компаниялар басшылығына қатысты қылмыстық топ құрып, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны бойынша тергеу басталған.

    "Тергеу дерегіне сай, Махмадов Сұлтанның басшылығымен әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топ міндетті лицензиясыз Жамбыл облысы аумағында акцизделетін өнім – этил спиртін жаппай өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу қызметін жүргізген.

    Айта кету керек, Махмадов 2010 жылы дәл осындай қылмыс үшін сотталған.

    Заңсыз әрекетті жасыру мақсатында күдіктілер өз жұмысын биоэтанол мен мал азығына арналған қоспаларды заңды түрде өндіру ретінде көрсеткен.

    Алайда іс жүзінде серіктестік аумағында өнеркәсіптік көлемде этил спиртін өндіруге толық жабдықталған жасырын спирт зауыты ұйымдастырылған", - делінген хабарламада.

    Агенттіктің дерегінше, ұйымдастырушылар бірнеше өңірді қамтитын өткізу желісін құрған.

    "Этил спиртін жеткізудің тұрақты арнасы жолға қойылып, ол Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында орналасқан жасырын цехтарға жөнелтіліп отырған. Бұл цехтарда жеткізілген спирттен тұрғындардың денсаулығына елеулі қауіп төндіретін суррогат алкоголь өнімдері дайындалған.

    Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде көлеңкелі айналымнан құны 280 млн теңгеден асатын 122 мың литр этил спирті тәркіленді.

    Сонымен қатар өндірістік база аумағында жүргізілген тінту барысында 18 дана майнинг жабдығы анықталды. Қазіргі уақытта тәркілеу мақсатында 7 автокөлікке тыйым салынды. Ұйымдастырушы 2 ай мерзімге қамауға алынды", - делінген хабарламада.

    Агенттік өкілі тергеу жалғасып жатқанын, ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.

    7 автокөлікке тыйым салынды: ҚМА Жамбыл облысында заңсыз кәсіпкерлікке байланысты тергеу жүргізуде

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.