jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Атырауда 6 мен 8 жас аралығындағы балалар жаппай төбелес ұйымдастырды (видео)

    Балалардың төбелесі
    Балалардың төбелесі. Видеодан кадр: instagram.com/egovpress

    Атырауда кәмелет жасқа толмаған балалар аулада жаппай төбелес ұйымдастырып, артынан полицияға жеткізілді. Жасөспірімдердің ата-аналары енді әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Атырауда балалардың қатысуымен болған оқиғаның видеосы Egovpress Instagram парақшасында жарияланды.

    Атырау облысының ПД хабарлауынша, жанжал салдарынан зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінгендер болған жоқ.

    "Видеодағы заңбұзушылыққа қатысы бар 6 мен 8 жас аралығындағы кәмелетке толмаған балалар анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді", - делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

    Полиция өкілдері жасөспірімдердің ата-аналары балаларын тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын жеткізді. Тиісті құжаттамалар толтырылып, жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

    "Төбелеске қатысы бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар полиция бақылауында болады", - деп мәлімдеді ПД өкілдері.

    Атырауда 6 мен 8 жас аралығындағы балалар жаппай төбелес ұйымдастырды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.