Жамбыл облысында 6 жасар қызын зорлады деген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Опубликовано:
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өз қызына қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасады деп айыпталған ер адамға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 2025 жылдың сәуірінде сотталушы Қордай ауылында үйінде алкогольдік мас күйінде 6 жасар қызына қатысты жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттер жасаған.
"Прокурор сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші тарап кешірмей, заңға сәйкес қатаң жаза беруді талап етті. Сотталушы кінәсін толық мойындады", - делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігінің санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Сот жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушының жасаған ісіне өкінгенін ескерді.
Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот моральдық зиянды өтеу ретінде 5 млн теңге өндіріп беруді міндеттеді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2282313-zhambyl-oblysynda-6-zhasar-qyzyn-zorlady-degen-er-adam-omir-boiyna-bas-bostandygynan-aiyryldy/