Маңғыстау облысында аудан және ауыл әкімінің орынбасарлары ұсталды
Опубликовано:
Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары мен Атамекен ауылдық округі әкімінің орынбасары ұсталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, Маңғыстау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері өңір әкімдігінің мұрындық болуымен есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен Мұнайлы ауданының үш тұрғынын ұстаған.
"Күдіктілердің қатарында Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары мен Атамекен ауылдық округі әкімінің орынбасары бар.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда аудан әкімінің орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал өзге күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылып жатыр.
Тәркіленген заттар сараптамаға жіберіліп, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Арнайы операция Маңғыстау облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізіп жатқан "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткен.
"Маңғыстау облысы әкімдігі мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық пен заңсыз әрекеттерге мүлде төзбеушілік саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
Заң талаптарын бұзғандарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес ең қатаң шаралар қолданылады. Мемлекеттік қызмет қатарын адал емес қызметкерлерден арылту – әкімдіктің басты басымдықтарының бірі", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2287587-manggystauda-audan-zhane-auyl-akimining-orynbasarlary-ustaldy/