jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жел электр станциясын салуға арналған қаржы жымқырылған: күдікті Ресейден экстрадицияланды

    қолы кісендеулі ер адам
    Қолы кісендеулі ер адам. Иллюстрациялық фото: Victor Yang/Getty Images

    Еліміздің Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінген азамат Ресей Федерациясынан экстрадицияланды. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Тергеу барысында аталған тұлға құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жалған шарттар жасасып, аффилирленген компаниялар арқылы ақша қаражатын аудару жолымен "Самұрық-Энерго" АҚ-ның еншілес ұйымынан 8,5 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.

    Аталған қаражат Ақмола облысында жел электр станциясын салуға арналған болатын.

    Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған", - делінген хабарламада.

    Құзырлы органның мәліметінше, осы жылдың ақпан айында күдікті Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша оны экстрадициялау туралы шешім қабылданған.

    Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған.

    Қылмысқа қатысы бар басқа тұлғалар осы жылдың мамыр айында әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

    Жел электр станциясын салуға арналған қаржы жымқырылған: күдікті Ресейден экстрадицияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.