jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Павлодарда тау болып үйіліп жатқан медициналық қалдықтарды жоюмен айналысатын компания тексеріледі

    медициналық қалдықтар
    Медициналық қалдықтар. Видеодан кадр: t.me/egovpress

    Желіде полиэтилен қапшықтарға салынып, үйіліп жатқан медициналық қалдықтар туралы бейнежазба тарады. Экологтар оның медициналық қалдықтарды өртеумен айналысатын компанияға тиесілі екенін айтты, деп хабарлайды Kazinform.

    Агенттік тілшісінің мәліметінше, тау болып үйіліп жатқан полиэтилен қапшықтардың іші медициналық шприцтер мен құралдарға толы. Желіде тараған видео авторы үйілген медициналық қалдықтарды иттер тасып, ауру таратып жатқанын айтқан.

    Бұл мәселеге Павлодар облысының экология департаменті назар аударған. Мекеме мамандары полицейлермен бірге аталған аумаққа барып, алдын ала қарау жүргізген.

    "Аталған жер телімін қарау барысында қолданылған құралдардан, қанмен былғанған түрлі заттар мен шүберектерден, шприцтер мен системалар және тағы да басқа заттардан тұратын медициналық қалдықтарға кезіктік. Учаскелік полицейдің айтуынша, аталған жер телімі медициналық қалдықтарды қабылдап, жою қызметімен шұғылданатын компанияға тиесілі. Компанияда қалдықтарды жоятын модульді пеш, II санаттағы объектілерге әсер етуге рұқсат қағазы, қауіпті қалдықтарды өңдеу, залалсыздандыру, утилизациялау және (немесе) жоюға лицензиясы бар", - деп хабарлады өңірлік экология департаменті басшысының орынбасары Әсет Сыздықов.

    Оның айтуынша, бұл медициналық қалдықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бақылауы керек еді. Себебі мұндай қауіпті қалдықтарды сақтайтын арнайы контейнерлер, пештер, оларды сақтау мерзімдері, жою технологиялары арнайы санитариялық талаптарда көрсетілген. Ал экология департаменті мұндай жағдайда тек кәсіпкерлік нысанының жерге орналасу актісінің заңдылығын ғана тексере алады. Бұл үшін міндетті түрде шағым түсуі керек.

    "Бүгін кешке дейін полиция органынан бізге жазбаша хат түсуі керек деп күтіп отырмыз. Хат түсе салысымен біз жоспардан тыс тексеру ұйымдастыру туралы шешім шығарып, оны прокуратурада тіркейміз. Содан соң барып қана нысанды тексере аламыз", - деді мекеме өкілі.

    Ал Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мұндай заңсыз күл-қоқыс орындарын анықтауға экология департаменті жауапты екенін хабарлады.

    Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының өкілдері агенттік тілшісіне аталған оқиға бойынша қосымша ақпарат беретінін жеткізген.

    Павлодарда тау болып үйіліп жатқан медициналық қалдықтарды жоюмен айналысатын компания тексеріледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.