jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Атырауда студент қыздар арасындағы жанжалға қатысты қылмыстық іс қозғалды

    жанжал
    Жанжал. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Желіде Атыраудағы колледжде оқитын студент қыздар арасында болған жанжал түсірілген видео тарады. Ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған күдікті бейімдеу орталығына орналастырылды, деп хабарлайды Ақжайық.

    Кадрлардан бір қыз екінші қызды жерге құлатып, беті мен ішінен соққы жасап, содан соң бірнеше рет басынан тепкені көрінеді.

    Басылымның облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға колледж студенттері арасында болған. Ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Қыздардың нақты қай колледжде оқитыны айтылмаған.

    Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 20 қыркүйекте болған.

    Оқиғаға қатысушының барлығы профилактикалық есепке алынады, ал материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жіберіледі. Жасөспірімдердің ата-аналары балаларын тәрбиелеу міндетін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

    Полиция департаменті өкілдері оқиғаны телефонға түсіріп, видеоны таратып, бірақ хабарламаған және төбелесті тоқтатуға тырыспаған жасөспірімнің әрекеті де заң тұрғысынан бағаланатынын айтты.

    "Ата-аналарды балалардың бос уақытын және мінез-құлқын қатаң бақылауға шақырамыз. Немқұрайлық пен әрекетсіздік құқық бұзушылықтар мен трагедияларға әкеледі", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

    Атырауда студент қыздар арасындағы жанжалға қатысты қылмыстық іс қозғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.