jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қарағанды теміржол вокзалында зейнеткердің қолжүгінен ірі көлемде есірткі табылды (видео)

    тәркіленген заттар
    Тәркіленген есірткі заттары. Видеодан кадр: polisia.kz

    Қарағанды облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ірі есірткі тасымалдау арнасын әшкерелеп, 75 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

    Ведомстволық Polisia.kz басылымының хабарлауынша, ер адам "Қарасора" іс-шарасы аясында ұсталды.

    Алдын ала алынған мәлімет бойынша күдіктінің тыйым салынған заттарды алып өтуі мүмкін екені анықталған. Теміржол вокзалында жүргізілген тінту кезінде оның қол жүгінен өсімдік тектес есірткі заттары – шамамен 20 келі марихуана мен гашиш тәркіленді. Одан бөлек, вокзал маңында тұрған күдіктінің автокөлігін тексеру барысында багаждан орауыш таспамен қапталған екі ірі брикет табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, олардың ішінде де марихуана болған.

    Жалпы тәркіленген есірткі заттарының салмағы шамамен 20 келі болған.

    Қарағанды теміржол вокзалында зейнеткердің қолжүгінен ірі көлемде есірткі табылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.