jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қарағандыда қайырымдылық жобасының атын жамылып, қаржы пирамидасын құрды деген әйел тергеуге алынды

    күдікті
    Күдікті. Видеодан кадр: ҚМА баспасөз қызметі

    Қарағанды облысында тұратын әйел қайырымдылық жобасының атын жамылып, қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мәліметінше, "Үміт Самғау" қаржы пирамидасы жалғызбасты аналарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсететін қайырымдылық жобасының атын жамылған.

    "Азаматтарға салған қаражатынан 300 пайыздан 800 пайызға дейін табыс әкелетіні жөнінде уәде берілген және әртүрлі "салым түрі" ұсынылған.

    Жоба шарттары бойынша – салым көлемі неғұрлым жоғары болса, табыс та соғұрлым көп болатыны айтылған. Қатысушыларға төлемдер нақты кәсіпкерлік қызмет есебінен емес, жаңа салымшылардың қаражаты есебінен жүргізілген.

    Қылмыстық схемаға ұйымдастырушының туыстары мен таныстары "дропперлер" ретінде тартылған, олардың атына тіркелген банктік карталары мен шоттарына салымшылардың ақшасы қабылданған. Нәтижесінде қаржы пирамидасына 400-ден астам азамат тартылып, жиналған қаражаттың жалпы көлемі 100 млн теңгеден асқан", - делінген хабарламада.

    Сот санкциясымен күдіктіге пәтері мен автокөлігін пайдалануға тыйым салынды.

    Қарағандыда қайырымдылық жобасының атын жамылып, қаржы пирамидасын құрды деген әйел тергеуге алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.