jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Түркістан облысында атыстан бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті

    Қару ұстаған ер адам
    Қару ұстаған ер адам. Иллюстрациялық фото: nortonrsx / Getty Images

    Түркістан облысы Түлкібас ауданында болған атыстан бір адам көз жұмып, үш адам ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды өңірлік полиция департаметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 қарашада түнгі уақытта Түлкібас ауданында атыс қаруын қолдану дерегі тіркелген.

    Салдарынан бір адам қайтыс болып, үш адам медициналық мекемеге жеткізілген. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

    Оқиға орнына дереу аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы шыққан. Іс-шаралар барысында аз уақыт ішінде күдіктілердің жеке басы анықталып, олардың бірі ұсталып, қамауға алынған.

    "Осы факті бойынша "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы және екінші қатысушының орналасқан жерін анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

    Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында", - делінген хабарламада.

    Түркістан облысында атыстан бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.