jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Семейде стендап-блогер 5 тәулікке қамауға алынды

    Әкімшілік қамауға алынған блогер
    Әкімшілік қамауға алынған блогер. Фото: Абай облыстық ПД

    Семейде стендап-шоу кезінде бейәдеп сөздер айтқан стендап-блогер 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Абай облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Полицияның мәліметінше, 2025 жылғы 22 қарашада кешкі сағат 21:00 шамасында Семей қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен стендап-шоуда өнер көрсеткен жергілікті блогер көпшілік алдында бейәдеп сөздер айтқан.

    Шоудың видеосы әлеуметтік желілерде таралып, қоғамда қызу талқыға түскен.

    Полиция қызметкерлері жарияланған видеоматериалды зерделеп, стендап-блогерді қоғамдық орында бейәдеп сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

    Сот әкімшілік істі қарап, блогерді 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу туралы шешім қабылдаған.

    Абай облыстық полициясы көпшілік алдында өтетін іс-шараларда, соның ішінде әзіл-сықақ бағдарламаларында қоғамдық мораль нормаларын сақтау керектігін еске салды.

    "Қоғамдық ортада бейәдеп сөздер айту, сондай-ақ оны интернет арқылы тарату заңға қайшы келеді және құқықтық жауапкершілікке әкеледі.

    Осындай құқық бұзушылықтарға қатысты полиция қажетті шаралар қабылдайды. Қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер назардан тыс қалмайды", - делінген хабарламада.

    Семейде стендап-блогер 5 тәулікке қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.