jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жамбыл облысындағы мектеп оқушыларының улануы: дүкен иесі жазаланды

    гамбургер
    Гамбургер жеп тұрған бала. Көрнекі фото: Jaap Arriens/NurPhoto via Getty Images

    Жамбыл облысында 12 оқушының улану дерегі бойынша кәсіпкерге 1,2 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан санитариялық-эпидемиологиялық заңнама талаптарын бұзу бойынша жеке кәсіпкерге қатысты істі қарады.

    Сот Байзақ ауданындағы дүкенде сатылатын тамақ өнімдерін тұтынғаннан кейін тамақтан улану белгілері бар 12 оқушы ауруханаға жатқызылғанын анықтады. Жоспардан тыс тексеру барысында тамақ өнімдерінен ішек таяқшалары тобының бактериялары табылды, бұл өнімді дайындау кезінде санитарлық нормалардың бұзылғанын дәлелдейді.

    Дүкен иесі кінәсін ішінара мойындап, бір уақытта 12 оқушы улана алмайтынын айтқан, өйткені дүкенге күн сайын тек үш гамбургер жеткізілетін.

    Әкімшілік құқық бұузышылық туралы кодекстің 425-бабы 2-бөлігінің санкцияға сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 460 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуға тиіс.

    Сот қаулысымен дүкен иесі кінәлі деп танылып, оған соманы 30 пайыз қысқарта отырып, 1,2 млн теңгеден астам мөлшерде айыппұл тағайындалды.

    9 қызметкердің жалақысынан айыруға жол бермеу мақсатында сот қызметін тоқтата тұру түрінде қосымша жазаны қолданбады.

    Сот қаулысы заңды күшіне енді.

    Жамбыл облысындағы мектеп оқушыларының улануы: дүкен иесі жазаланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.