jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    ШҚО-да күшікті бесінші қабаттан лақтырып жіберген ер адам соққыға жығылды

    Ит пен адам
    Ит пен адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Желіде күшікті 5-қабаттан лақтырып жіберген өскемендік тұрғын соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады. Полиция өкілдері аталған жайтқа пікір білдірді, деп хабарлайды ШҚО ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Жуырда Өскемен тұрғыны лабрадор тұқымды күшікті бесінші қабаттан лақтырып жібергенін жазған болатынбыз. Өкінішке қарай, күшік өліп қалған. Ер адам күшік пәтерді бүлдіргені үшін лақтырып жібергені анықталған.

    Ал бүгін Halyqstan Telegram-арнасында қатыгездік жасаған ер адамды біреулер соққыға жыққаны туралы ақпарат жарияланды.

    NUR.KZ тілшісі ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне пікір сұрап хабарласты. Ондағылар денсаулыққа зақым келтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады.

    "Құқықбұзушылыққа қатысы бар тұлғалар анықталды. Қазіргі таңда заңнамада қарастырылған тергеу амалдары жасалып жатыр. Сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша болған оқиғаға құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім шығарылды", - деп түсіндірді полициядағылар.

    ШҚО-да күшікті бесінші қабаттан лақтырып жіберген ер адам соққыға жығылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.