jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шымкент базарында үндістандық студентпен болған жанжал: күзетшіге қандай жаза берілді

    Сот балғасы
    Сот балғасы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкентте үндістандық студентпен болған жанжалға байланысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды қалалық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Соттың Telegram-дағы арнасында жарияланған мәлімет бойынша, Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Х.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қаралған.

    Сотта анықталғаны: Х. 2026 жылғы 11 қаңтарда қаланың "Қырғы базарында" Үндістан азаматы С.-ны дөрекі сөздермен балағаттап, ұялы телефонын қолынан жұлып алып, қоғамдық орында мазасын алып, қоғамдық ортаны сыйламаушылық танытқан.

    Х. сотта кінәсін мойындап, өкінетінін соттан өзіне қатаң жаза тағайындамауын сұраған.

    Жәбірленуші кешірім бергенін, араларында ешқандай араздықтың жоқ екендігін айтқан.

    Құқық бұзушының кінәсі іс-құжаттарымен қоса, өзінің берген түсінігімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен және тағы да басқа іс бойынша жинақталған құжаттармен толық дәлелденген.

    Жеңілдететін мән-жайларды (кінәсін мойындауы, өкінуі), сондай-ақ ауырлататын мән-жайлар анықталмағанын ескеріп, сот Х.-ны ӘҚБтК-нің 434 бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасын тағайындаған.

    Сот қаулысы заңды күшіне енбеді.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде өзіне Шымкенттегі базарда шабуыл жасалғанын айтқан үндістандық студенттің видеосы тараған еді.

    Бұл жағдайға қатысты полиция түсініктеме беріп, жанжал шетелдік азамат пен күзет қызметкерлерінің арасында туындағанын мәлімдеді.

    Полицияның мәліметінше, сатушылар қатты музыка мен видеотүсірілімге байланысты күзет қызметкерлеріне жүгінген. Кейін жанжалға қатысушылар полицияға жеткізіліп, іс материалы сотқа жіберілген.

    Шымкент базарында үндістандық студентпен болған жанжал: күзетшіге қандай жаза берілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.