Қарағандыда Ресейден әкелінген қызанақ тұқымдарынан қауіпті вирус анықталды
Опубликовано:
Ресейден әкелінген қызанақ тұқымдарынан карантиндік вирус анықталды. Бұл туралы АШМ Фитосанитариялық қауіпсіздік қызметі мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
АШМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағандыда Ресейден әкелінген қызанақ тұқымдарының 130 қаптамасынан сынама алынды.
"Фитосанитария" РМК жүргізген сараптама қорытындысы бойынша зерттелген үлгілерден қызанақ жемістерінің қоңыр қатпарлы вирусы (Tomato brown rugose fruit virus, ToBRFV) анықталды.
Әкімшілік іс материалдары Қазақстан заңнамасына сәйкес сотқа жолданды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі сыртқы саудамен айналасатын кәсіпкерлерге ел аумағына карантинге жатқызылған өнімді әкелу кезінде өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптары мен фитосанитариялық нормаларды қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Қауіпсіздік талаптарын сақтау — аграрлық секторды қорғаудың және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды шарты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2349151-qaragandyda-reseiden-akelingen-qyzanaq-tuqymdarynan-qauipti-virus-anyqtaldy/