jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Щучинсктегі қайғылы жағдай: кафе иесі ұсталды

    тергеу изоляторы11
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Щучинскте жарылыс болған "Центр плова" кафесінің иесі ұсталды. Бұл туралы Ақмола облыстық прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Kazinform-ге сілтеме жасап.

    Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық істі арнайы прокурорлар Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі (Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша тергеп жатыр.

    "Центр плова" кафесінің иесі 2026 жылдың 2 наурызында ұсталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеуді Бас прокуратура бақылап отыр.

    Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Щучинск қаласындағы кафеде жарылыс болып, өрт шықты. Бастапқыда оқиға салдарынан шамамен 20 адам зардап шегіп, 6 адамның қаза тапқаны хабарланды. Кейінірек қаза тапқандар саны 7 адамға дейін өскені белгілі болды. Қаза тапқандардың бірі кәмелет жасына толмаған.

    Ақмола обылыстық ТЖД жариялаған кейінгі мәліметтерге сәйкес оқиға салдарынан 10 адам құтқарылған. 28 адам зардап шеккен, олардың 13-і ауруханаға жатқызылған. Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар Бурабай аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр және аса ауыр хәлдегі 4 пациент жатқанын хабарлады. 3 пациент травматология бөлімінде, 8 адам амбулаториялық ем қабылдауға жіберілген. 6 пациент Көкшетау қаласындағы көпсалалы облыстық ауруханаға эвакуацияланған.

    Өңір әкімдігі қаза тапқандардың отбасыларына 2 млн теңге, зардап шеккендерге 1 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

    Бүгін, 3 наурызда Бурабай ауданы әкімдігінің өкілдері Щучинск қаласындағы "Центр плова" кафесіндегі жарылыс пен өрттен қаза тапқандар саны өскенін мәлім етті. Ауруханада жатқан ер адам көз жұмған.

    Щучинсктегі қайғылы жағдай: кафе иесі ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.