Атырауда 62 жастағы ер адам әйелін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Атырауда зейнет жасына таяп қалған ер адам әйелін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді. Күдікті қамауға алынған, деп жазады "КТК" телеарнасы.
Қайтыс болған әйел қаладағы мектептердің бірінде мұғалім болған. Әріптестерінің айтуынша, марқұм бұған дейін отбасындағы қиындықтар, жолдасының озбырлығы туралы құзырлы органдарға шағымданыпты. 62 жастағы тұрғын бірден қамауға алынған.
"Аталған дерек бойынша "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді", - деп пікір білдірді Атырау облысыПД ресми өкілі Мейірім Ердәулет.
Дереккөз: КТК телеарнасы
Бұған дейін Атырау облысында көлік гаражынан 73 жастағы әйелдің денесі табылғанын жазған едік. Оны өлтірді деген күдікті ұсталды.
Одан бөлек Алматы облысы Талғар ауданы Рысқұлов ауылында әйел адам кісі қолынан қаза тапқаны туралы жаздық. Оны өлтірді деген күдікпен 45 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2354946-atyrauda-62-zhastagy-er-adam-aielin-pyshaqtap-oltirdi-degen-kudikke-ilindi/