jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жамбыл облысында бұрынғы қойшы 72 бас мал ұрлады деген күдікпен ұсталды

    Қой отары
    Ұсақ мал. Көрнекі фото: pexels.com

    Жамбыл облысында полицейлер ірі көлемдегі мал ұрлығын әшкереледі. Байзақ ауданындағы шаруа қожалығынан бірнеше рет мал ұрланып, келтірілген жалпы шығын көлемі 72 бас қойды құраған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ IIM-нің polisia.kz ақпараттық медиа-порталына cілтеме жасап.

    Басылымның хабарлауынша, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің мал ұрлығы бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

    Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш ер адам анықталып, ұсталды. Олардың бірі қораның орналасуын және малды бағу тәртібін жақсы білетін, шаруа қожалықта бұрын қойшы болып жұмыс істеген. Тергеу барысында ұрланған малдың бір бөлігі табылып, заңды иесіне қайтарылды.

    Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

    Жалпы Жамбыл облысында жыл басынан бері мал ұрлығы бойынша 18 қылмыс ашылып, 32 азамат ұсталған. Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің жедел жұмысының нәтижесінде мал ұрлаумен айналысқан 10 адамдар тобының әрекетіне тосқауыл қойылды. 

    Полиция азаматтарды малдарының қоражайларына тиісті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етіп,  жауапкершілікпен қарауға және құқық бұзушылық деректері туралы дер кезінде полицияға хабарлауға шақырады.

    Жамбыл облысында бұрынғы қойшы 72 бас мал ұрлады деген күдікпен ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.