jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Тоққа түсіп қалған": Атырау облысында жабайы аңдардың өлексесі жатқан видео тарады (видео)

    түлкі
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Әлеуметтік желіде Атырау облысы Құрманғазы ауданында тоқ көзіне түсіп өлген жабайы аңдардың видеосы тарады. Аталған жайтқа қатысты жергілікті әкімдік пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Атырау облысында тоқ ұрып өлген жабайы аңдар туралы блогер Ерқанат Тұрсынжанұлы өзінің Facebook парақшасында жазды.

    "Құрманғазы ауданы 6-разъезд деген жерде қоян, түлкі, ит тоққа түсіп өлген. Ертегідей... Техногенді апат деген осы..", - дейді жазба авторы.

    Желі қолданушылары бір мезетте әр түрлі жабайы аңның бір жерде өлім құшқанына таңғалуда.

    "Тоққа түсіп өлген бе?", "Бірінші біреуі өлген. Соның өлексесіне барамын деп басқалар арандаған ғой", "Пойыздың астына түскен қой-ешкілер сияқты ғой. Бірі барады да, жоқ болып кетеді, екіншісі содан өтіп кетті деп ойлайды екен де, ол да артынан ереді", - деп пікір білдірген желі қолданушылары бұл видеоға.

    Құрманғазы ауданы әкімдігі KAZ.NUR.KZ тілшісіне видеодағы жағдайды растап отыр.

    "Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылы №6 бекет (разъезд) тұсындағы "КТК" АҚ-ның электр желісі үзіліп, жабайы жануарлар (түлкі, қарсақ, ит, қоян) тоқ көзіне соғылған. Қазіргі таңда аталған жағдай бойынша бір бригада жұмыс жасап, жағдай түзелді. Электр желісі қалпына келтірілді", - дейді аудан әкімдігіндегілер.

    Қазіргі уақытта жануарлардың өлекселері санитарлық талаптарға сай жойылған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.