jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    3 жасар қызды құтқарып қалған қос жігіт өздерін видеоға түсірген келіншекке алғыс айтты

    Сәбит пен Сағи
    Сағи Жылқышиев пен Сәбит Шонтақбаев және. Фото: Instagram/ batyr_bloger

    Елордада 8-қабаттан құлай жаздаған 3 жасар қызды құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаев және Сағи Жылқышиев өздерін сол сәтте видеоға түсірген келіншекке алғыс айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Батыр атанған азаматтар ризашылығын Сәбит Шонтақбаевтың Instagram желісіндегі парақшасы арқылы білдірген.

    "Біз сол күні видеоға кім түсіргенін білдік, бірақ мүмкіндік болмады. Біздің қуанышымызға себепкер болғаныңыз үшін алғыс айтамыз. Балаларыңыз аман болсын! Әрқашан осындай қуанышта жүре берейік, сізге алғысымыз шексіз! Біз хабарласпады деп ренжімеңіз", - дейді Сағи Жылқышиев.

    Айта кетейік, бұған дейін Сәбит пен Сағиға 8-қабаттан құлап кете жаздаған бүлдіршіннің анасы да алғыс айтқан болатын. 3 жасар қыздың анасы телеарналардың біріне сұхбат беріп, көптің көкейіндегі сұрақтарға жауап берген еді.

    Еске салсақ, 11 мамыр күні елордадағы Қамал тұрғын үй кешенінің 8-қабатында салбырап тұрған кішкентай қызды астанаға жұмыс істеуге келген қызылордалық жігіттер құтқарып қалған болатын.

    Олардың ерлігі еленіп, пәтер беріліп, сондай-ақ Сәбит пен Сағи "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды.

    3 жасар қызды құтқарып қалған қос жігіт өздерін видеоға түсірген келіншекке алғыс айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.