jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Оралда белгісіз жәндік шағып алған бала жансақтау бөлімінде жатыр

    баланы шаққан жәндік
    Баланы шаққан жәндік. Фото: Медета Медресова/mgorod.kz

    Оралда ойнап отырған баланы белгісіз жәндік шағып алған. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Туыстарының сөзіне қарағанда, оқиға 27 шілде күні Орал қаласына қарасты Серебряков кентінде болған.

    Ойнап отырған кезде баланы белгісіз жәндік белінен шағып алған. Ол шошып кетіп, қолымен қаққанда, жәндік ойыншық тәрелкеге ұшып түскен.

    "Бүйі шақты" деп ойлаған бала ойнап кеткенімен, кейін ішін ұстап, жылап, аяғы ұйып, баса алмай қалған. Бұл жайттан кейін жасөспірім жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан.

    "Ұлым облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Беті бері қарады. Бірақ қайта-қайта қызуы көтеріле береді. Дәрігерлер тұруға, жүруге болмайды дейді. Жәндікті ауруханаға апардық не екенін анықтау үшін", – дейді баланың әкесі Болат Өтешев.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың жансақтау бөлімінде жатқанын растады. Олардың мәліметінше, жағдайы жақсарып келеді.

    Оралда белгісіз жәндік шағып алған бала жансақтау бөлімінде жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.