jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Алматы облысы Ұзынағаш ауылындағы үйлердің ауласын су басты

    Ұзынағаш ауылы
    Су басқан Ұзыныағаш ауылы. Скриншот: almaty.tv

    Алматы облысы Ұзынағаш ауылында 50-ге жуық үйдің ауласын су басты. Жергілікті тұрғындар үйіміз құлап қала ма деп алаңдаулы, деп хабарлайды Almaty.tv

    Телеарнаның ақпаратынша, жергілікті жұрт 50 мыңға жуық халқы бар Ұзынағашта бұл жағдай жыл сайын қайталанатынын айтқан. Тіпті баспанасын тастап кетуге мәжбүр болғандар да бар.

    Төрт жыл бойы үйін су басып, баспанасының іргетасы құлайын деп тұрған төрт баланың анасы Таңнұр Тұрлыбаева қазір пәтер жалдауына тура келгенін жеткізді.

    "Әкімдік бізге қалай да шешімін тауып берсін. Балаларға обал болды, кеше балам су болып келді. Киімін қашанғы кептіре береміз, балам ауыратын болды" , - дейді Ұзынағаш ауылының тұрғыны Құралай Пішайынова жергілікті телеарнаға берген сұхбатында.

    Телеарнаның хабарлауынша, ұзынағаштықтар бұл мәселені көтеріп, биліктен көмек сұрағалы бірнеше жыл болған. Әкімдік өкілдері де су басқан үйлердің барын растайды.

    "12 ақпанда басталды. Жердің беті тоң болғандықтан, техника жерді қазу жұмыстарын жүргізе алмады. Соның салдарынан осындай жағдайға тап болдық" – дейді Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Абзал Нұрпейісов.

    Бүгінде елу мың халқы бар елдімекенге облыстық құтқару қызметі, әскери қызметкерлерді қосқанда жүзге тарта жұмысшы апаттың алдын алу үшін жұмыс істеп жатыр, дейді Ұзынағаш ауылының әкімі әкімі.

    "Әр тұрғынға төтенше жағдай туралы ескертілді. Үйлерді су басқан жоқ, тек ауланы ғана басты. Сараптама жасап жатқанымызға 15 күн болды", – деді Ұзынағаш ауылдық округінің әкімі Бақыт Бейсенбеков.

    Телеарна мәліметінше, Ұзынағаш ауылдық округінде 10 шақты ірі техника, 5 мотосорғыш, 2 экскаватор арық арналарын ашуға кірісіпті. Алайда жергілікті билік өкілдері еріген қар суының мөлшері көп болғандықтан үлгермей жатырмыз деп жауап берді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.