Төтенше жағдайлар вице-министрі БҚО-дағы тікұшақ апатына не себеп болуы мүмкін екенін айтты
Опубликовано:
Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев сенат кулуарында Батыс Қазақстан облысында 4 адам қаза тапқан тікұшақ апатына себеп болуы мүмкін жағдайлардың бірін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Тікұшақ жаңа – бір жыл ғана қолданыста болған. Сондықтан оның техникалық жағдайы жақсы болғаны даусыз", – деді Пішембаев.
Оның айтуынша, қазір Авиация әкімшілігі, "Қазавиақұтқару" қызметкерлерінің қатысуымен комиссия құрылып, тергеу жүріп жатыр.
"Апатқа себеп болған нұсқалардың бірі – ауа райының қолайсыздығынан болуы мүмкін. Әзірге нақты қандай ауа райы жағдайы екенін айта алмаймын. Нәтижесін комиссия жұмысы аяқталған соң береміз", – деп түйіндеді спикер.
Еске сала кетейік, 23 ақпанда "ҚазТрансОйл" АҚ тапсырысымен құбырды тексеру бойынша ұшып шыққан "Қазавиақұтқару" Ми-8 тікұшағы апатты жағдайда қонып, салдарынан тікұшақтағы 4 адамның мерт болғанын хабарлаған едік.
Азаматтық авиация комитетінің ақпаратынша, тікұшақ сағат 15:50-де БҚО-ның Чапурино елдімекенінен 6 шақырым қашықтықта қатты екпінмен келіп қонған. Бортта 5 экипаж мүшесі және 2 жолаушы болған.
Қазіргі таңда тікұшақ апатына байланысты Көліктегі полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әуе көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеуді бастаған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2011321-bqo-da-tikusaqtyn-apatty-zagdaida-qonuy-qaigyly-oqiganyn-yqtimal-sebepterinin-biri-ataldy/