jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    "Неден уланғаны белгісіз": Шымкентте құтқарушылар бір отбасыны аман алып қалды

    Жедел жәрдем
    Жедел жәрдем. Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бір отбасыны аман алып қалды, деп хабарлайды Шымкент қалалық ТЖД Instagram-дағы ресми парақшасында.

    ТЖД мәліметінше, 23 сәуір күні құтқару қызметінің "112" телефон нөміріне бір тұрғын хабарласып, туыстары есік ашпай жатқанын айтқан.

    Оқиға орнына барған құтқару бөлімшесінің мамандары арнайы құралдармен пәтердің есігін ашып, ішінен 6 адамды сыртқа, қауіпсіз жерге шығарған.

    Үйден 1987 жылғы азаматша, 2005 және 2003 жылы туған қыздар, 2011, 2013, 2015 жылғы ер балалар құтқарылған.

    "Құтқарушылар зардап шеккендерді таза ауаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Улану себептері анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды", – дейді Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобының өкілдері.

    "Неден уланғаны белгісіз": Шымкентте құтқарушылар бір отбасыны аман алып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.