jitsu gif
Оқыс оқиға

    Жамбыл облысында дүлей дауылдан ұшып кеткен ғимарат шатыры әйелдің үстіне құлады

    Жамбылда желден құлаған шатыр
    Жамбылда желден құлаған шатыр. Скриншот: Instagram/krispi.taraz

    Жамбыл облысында қатты дауыл соғып, соның салдарынан шатыр ұшып, әйелдің үстіне құлаған, деп хабарлайды КТК арнасы.

    Телеарнаның мәліметінше, оқиға Жамбыл облысында 5 сәуір күні таңертең болған. Желдің екпіні секундына 28 метрге жеткен.

    Қатты соққан желден ғимараттың темір шатыры жұлынып, ауыр қаңылтырлар көлік тұрағына бара жатқан 57 жастағы әйелдің үстіне құлаған. Оқиға салдарынан зардап шеккен азамат жансақтау бөліміне жеткізілді. Бүгінде оның жағдайы ауыр деп бағалануда.

    "Үстіне шатыр құлаған әйел бізге таңертең түскен. Ол хирургиялық жансақтау бөліміне жатқызылды. Көмекке Тараздан нейрохирург пен реаниматолог шақырылған. Қазір инфузионды терапия мен симптоматикалық ем жүргізілуде. Әйелде омыртқаның контузиясы болуы мүмкін және компрессиялық сынуы ықтимал", - деді Жамбыл облысы аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Жетпіс Айхожаев.

    Дереккөз: KTK

    Жамбыл облысында дүлей дауылдан ұшып кеткен 
ғимарат шатыры әйелдің үстіне құлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.