jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыдағы The Ritz-Carlton қонақ үйіне мина қойылды деген хабарлама келіп түскен

    Ритц-Карлтон. Көрнекті фото
    Ритц-Карлтон. Көрнекті фото: ritzcarlton.com

    Esentai Tower ғимаратында орналасқан алматылық The Ritz-Carlton қонақ үйінің қонақтары мен қызметкерлері мина қойылғандығы туралы хабардан кейін эвакуацияланды. Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне қалалық полиция департаменті хабарлады.

    Полицияның хабарлауынша, 3 қыркүйекте сағат 23.51-де Бостандық ауданында орналасқан қонақ үйлердің бірінің миналанғаны туралы анонимді хабарлама келіп түскен.

    "Аталған нысанға қаланың барлық төтенше жағдайлар қызметтері дереу тартылды. Қонақ үйге келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялау жүргізілді. Сапер бөлімшесі көп қабатты ғимаратты комиссиялық тексеруді екі сағатқа жуық жүргізді. Нәтижесінде жарылғыш құрылғы табылған жоқ", - деп хабарлады полиция департаменті.

    Құзырлы орган қазіргі уақытта аты-жөні белгісіз тұлғаның жеке басын анықтауға, оны ұстауға және одан әрі қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған жедел шаралар кешені жүргізіліп жатқанын айтты.

    Алматыдағы The Ritz-Carlton қонақ үйіне мина қойылды деген хабарлама келіп түскен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.