jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Жамбыл облысында снаряд жарылып, офицерлер жарақат алды

    Оқу-жаттығудан өтіп жатқан сарбаз
    Оқу-жаттығудан өтіп жатқан сарбаз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Жамбылда облысындағы "Айша бибі" әскери полигонында снаряд жарылып, үш офицер жарақат алды. Ауруханаға жедел жеткізілген "Ұлттық ұланның" бір жауынгері Шымкентке жіберілсе, енді бірі Тараздағы жансақтау бөліміне түскен, деп хабарлайды КТК арнасы.

    Телеарна мәліметінше, дәрігерлер 26 жастағы офицердің аяғы сынып, ота жасалған қос жауынгердің беті бері қарағанын айтты.

    Тараз маңындағы полигонға жауынгерлер "Ұлттық ұланның" Шымкенттегі әскери бөлімінен келген.

    Телеарна ақпаратынша, оқу-жаттығу жиыны кезінде кенет артиллериялық қарулардың бірі дұрыс атылмай, 82 милиметрлік снаряд офицерлердің қасына құлаған.

    Қазір әскери полиция осы оқиғаға қатысты тергеуді бастаған.

    "Оқу- жаттығу кезінде артиллериялық қаруды жоспарлы ату кезінде снаряд жарылды. Тергеуді Тараз гарнизонының әскери полициясы жүргізіп жатыр. Ал минометтердің барлығы қолдануға жарамды. Қанағаттандырарлық күйде. Офицерлер жарақатынан жазылған бойда қатарға қайта қосылады", - деді "Ұлттық ұланның" оңтүстік өңірлік қолбасшылығы 6506 әскери бөлімінің командирі Марат Рахпанов.

    Дереккөз: КТК арнасы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.