Жамбыл облысындағы ауа райына байланысты кей жолаушылар пойызы кешігіп жатыр
Опубликовано:
Жамбыл облысындағы ауа-райына байланысты кей жолаушылар пойызы қозғалыс кестесінен едәуір артта қалып отыр, деп хабарлайды ҚТЖ Telegram-дағы ресми арнасында.
"Учаске бойынша пойыздардың белгіленген қозғалыс кестесін қалпына келтіру біртіндеп жүргізілетін болады. Туындаған жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
Компания өкілдері жолаушылар "1433" тегін нөмірі және "KTZH_PP_BOT" Telegram-боты арқылы жолаушылар пойыздарының кешігуі және тоқтатылуы туралы ақпарат ала алатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, Жамбыл облысында көлік полицейлері қолайсыз ауа райы кезінде жолда қалған 500-ден астам жолаушыға сапарынан қалмай, пойызына мінуге көмектескенін жаздық.
Сонымен қатар бүгін, 15 желтоқсанда Жамбыл облысында табиғи сипаттағы ТЖ жарияланып, республикалық маңызы бар автожолдар жабылған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2051094-zambyl-oblysyndagy-aua-raiyna-bailanysty-kei-zolausylar-poiyzy-kesigip-zatyr/