jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Ақмола облысында болмаған ТЖ салдарын жою үшін миллиондаған қаржы бөлінген

    Ақша
    Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Біржан сал ауданы әкімдігі төтенше жағдайдың салдарын жою үшін 3 миллион теңге бөлген. Алайда ауданда төтенше жағдайлар жарияланбаған. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қадағалаушы органның ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Біржан сал ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізу барысында жергілікті атқарушы орган қызметтік автокөліктер мен ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізуге конкурс өткізбей, бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы 3 шарт жасағанын анықтаған. 3 млн теңгеден астам сомаға шарт жасалған.

    Конкурс өткізбеу себебі ретінде төтенше жағдай салдарын жою қажеттілігін көрсеткен.  

    "Алайда, прокурорлардың анықтауынша, Біржан сал ауданының аумағында төтенше жағдайлар жарияланбаған, яғни мемлекеттік сатып алу туралы шарттар негізсіз жасалған", - делінген хабарламада.

    Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде лауазымды тұлға айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Ақмола облысында болмаған ТЖ салдарын жою үшін миллиондаған қаржы бөлінген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.