jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыдағы жер сілкінісі: жедел желі телефонына қанша қоңырау келіп түсті

    Жедел желі қызметкері
    Жедел желі қызметкері. Фото: NUR.KZ

    Алматыда жер сілкінісінен кейін жедел желі телефонына ақпараттық сипатта 239 қоңырау келіп түсті. Бұл туралы ТЖМ Telegram арнасында хабарлады.

    Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласының әлеуметтік нысандары мен көппәтерлі тұрғын үйлердегі бүлінулер туралы 156 өтініш келіп түскен.

    Халықты қабылдау пункттерінде 102 адам, оның ішінде 43 бала бар.

    Тыныс -тіршілікті қамтамасыз ету обьектілері, сондай-ақ әуежай, теміржол вокзалдары мен метро штаттық режимде жұмыс жасауда.

    Айта кетсек, халықты қабылдау пункттерінің мекенжайлары туралы мәліметті осы сілтеме арқылы алуға болады.

    Алматыдағы жер сілкінісі

    Айта кетейік, Алматыда бүгін, 4 наурызда сағат 11:22-де қатты жер сілкінді. Қалада сирена қосылды.

    ТЖМ өкілдері жер сілкінісінің қуаты 5 балл болғанын хабарлады.

    Жерасты дүмпуінен кейін Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісіне байланысты видеоүндеу жасап, халықты дүрлікпеуге шақырып, бірінші сілкіністен кейін не істеу керек екенін айтты.

    Алматы, Алматы облысы, Жетісу облыстарында жедел желі телефондары жұмыс істейтіні хабарланды.

    Бұған дейін Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев та Алматыдағы қатты жер сілкінісінен кейін афтершок болуы мүмкін екенін ескерткен еді.

    Алматы қаласы ТЖД хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Қазақстанның оңтүстік астанасында жер сілкінісі 5 балл болып сезілді. Жер сілкінісінен кейін қалада көлік кептелісі туындады.

    Метро да жұмысын тоқтатты. Әкімдік жедел штабтың жұмысын жариялады.

    Алматылықтарға жақын маңдағы қабылдау пунктін қалай табуға болатыны айтылды. Сейсмологтар алматылықтарды 16:00-ге дейін қоғамдық қабылдау пункттерінде болуға шақырды. Мектептердегі, колледждердегі және университеттердегі сабақтар тоқтатылды.

    Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға үйіне қайтуға рұқсат берді.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы мемлекет басшысына Алматыдағы жағдай туралы баяндады.

    Алматыдағы жер сілкінісі: жедел желі телефонына қанша қоңырау келіп түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.