jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Шымкентте белгісіз сұйықтықтан 20-дан аса адамға иіс тиді

    Аурухана дәлізі
    Аурухана іші. Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкентте белгісіз сұйықтықтың иісінен 22 адам уланып қалды. Оқыс жағдай Еңбекші ауданындағы тұрғын үй секторы аумағында тіркелді, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

    Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігіне тиелген 800 литрлік темір бөшкеден сұйықтық төгіліп, газ бен бу ауаға тараған.

    Осының кесірінен тұрғындардың жүрегі айнып, өздерін жайсыз сезінген. Зардап шеккендер алғашқы медициналық көмек алып, токсикология орталығына жеткізілді.

    Дәрігерлерлік тексерістен кейін бәрі үйлеріне жіберілген. Экологтар мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары сұйықтық төгілген аумақтан сынама алып, зертханалық талдаулар жүргізді. Болжам бойынша ауада аммиак, пропан, метан, көмірсутекті мұнай газының артық мөлшері бар. Зерттеу қорытындысы алдағы уақытта белгілі болады.

    "Жалпы 13 науқас жедел-жәрдеммен, қалған науқастар өз бетінше бізге келіп көмекке жүгінді. Соның ішінде біз 9 науқасқа стационарлық ем көрсеттік. Олардың бәрі үйлеріне амбулаторлық учаскелік дәрігерлердің бақылауына қайтарылды. Қазіргі таңда ешқандай қауіп жоқ", - дейді қалалық гипербарикалық оксигенация орталығының бас дәрігері Мәдина Ермағанбетова.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.